новости - Новости компании
новость от 15.09.2019
14 қыркүйекте Шымкент су арнасының жұмысшылары «Бірге – Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қарасу каналының жағалауын және арнасын тазартуға шықты. Жалпы, осы су жолының 1600 метрі тазартылды. Іс-шараға кәсіпорынның жүзден астам қызметкері қатысты. Шартты түрде арна ескі қаладағы мешіттен Павлов көшесіне дейін үш бөлікке бөлінді. Қоқысты шығару үшін екі жүк тиеу машинасы мен үш самосвал қолданылды. Акцияға Шымкент қаласының №3 индустриалды-техникалық колледжінің студенттері, экологтар, әкімшілік қызметкерлері және журналистер қосылды.Қоқыс көп болды – өзен де, жағасы да ластанған. Мұның бәрін Шымкент тұрғындары тастаған. Өкінішке орай, сенбілікке қарапайым тұрғындардың ешқайсысы қосылмады. Кейбіреулер Қарасудың ластануы туралы фотосуреттер мен бейнелерді жіберді, сонымен олардың бастамалары тоқтады.
Бірнеше сағаттық жұмыс ішінде үш самосвал қоқыс жиналды. Өзеннің жағасы мен беті тазартылды. Осы экологиялық науқаннан кейін Шымкент тұрғындары өзенді ластауды тоқтатады деп үміттенеміз. Ал мемлекеттік органдардың өкілдері қала су жолдарының ластану мәселесіне назар аударып, қоршаған ортаға зиян келтіретіндерге қатаң жаза шараларын қолданады деп сенеміз.
голосование