новости - Новости Казахстана
новость от 29.09.2019
2019 жылдың 1 қазанынан бастап көлік құралдарын техникалық тексеруге байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Техникалық байқаудың барлық нүктелерінде бірыңғай бағдарлама орнатылады. Бірыңғай ақпараттық жүйе тексеруге ұсынылған көлік құралдарының есебін жүргізеді. Бұл бағдарлама автомобильдің қатысуынсыз, фотошопты қолданып тексеруге мүмкіндік бермейді. Енді онлайн режиміндегі әр оператордан алынған барлық мәліметтер бірыңғай ақпараттық жүйеге жеткізілетін болады. Тексеруден фотосурет бойынша WhatsApp арқылы өтуге болмайды, бағдарламада арнайы қауіпсіздік кодтары орнатылған – бұл қолмен араласу мүмкіндігін жоққа шығарады.
Тексеру процедурасында ештеңе өзгермейді: барлық кезеңдер бұрынғыдай қалады, қызмет құны өзгермейді.