Құрылыс салушыға көмек
СУ ҚҰБЫРЫ МЕН КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОСУ ТӘРТІБІ
ҚАЛАЛЫҚ СУ ҚҰБЫРЫ (КӘРІЗ) ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛУҒА ЖӘНЕ НЫСАНДЫ ҚОСУҒА ТЕХНИКАЛЫҚ
ШАРТТАРДЫ БЕРУ ТӘРТІБІ
Жеке тұлға (тұрғындар).
1. Су құбыры және/немесе кәріз жүйелерінің объектілерін салу үшін, техникалық шарттар алу үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1.1. Өтініш толтыру (1 үлгі)
1.2. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1. Ахуалдық сызба (топосъемка 1:2000). Тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйым береді.
2. Қосылатын нысанды, сондай-ақ инженерлік коммуникацияларды, ғимараттар мен құрылыстарды түсірумен учаскенің және іргелес аумақтардың жоспары (топосъемка 1:500). Тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйым береді.
3. Үшінші меншік иесінен желіге қосылуға анықтама-рұқсат (қосылған абонент желісі мен су құбыры және кәріз шаруашылығы желісі арасында үшінші меншік иесінің желісі болған жағдайда).
4. Меншік иесінің нысанға құқығын куәландыратын құжат.(мем. актінің көшірмесі, техникалық паспорт, сатып алу-сату шарты, жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәлімет, жеке куәлік)
5. Нысанның қуаты мен мақсатына сәйкес су тұтынуды, су бұруды есептеу (құбыр қимасының диаметрі 15 мм асатын объектілер үшін). Тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйым жүргізеді.
6. Желіні пайдалануды жүзеге асыратын ұйымнан су құбыры, кәріз желілеріне
қосуға техникалық шарттар беру туралы қорытынды:
Еңбекші ауданы, Уәлиханов көшесі-188а, тел.576665
Әл-Фараби ауданы, Курнаков көшесі, н/ү ,
тел.530956
Абай ауданы, 4 шағын ауданы. Фабрициус көшесі, н/ү,
тел.461038
Қаратау учаскесі, Төлеметов көшесі, н/ү, диспет.
ұялы тел. 87029030540
Ворошиловка, Чапаевка е/м, Ленгер тас жолы, н/ү
тел.276531
Кайтпас учаскесі- Бәйдібек би н/ү (ЖЖМ
стансасының жанында), тел.476182
Қызыл-Сай е/м , Тәуке-Хан-22, тел.554265
Қорғасын е/м, Гагарин көшесі, н/ү (СМУ-4 жанында),
тел.541258.
Қазығұрт шағын ауданы, Жандарбеков көшесі, 169,
әкімшілік ғимараты, ұялы тел. 87013001454
Ескерту: көрсетілген құжаттарды өткізбей, кәсіпорын Сіздің өтінішіңізді қабылдауға және су құбыры және/немесе кәріз жүйелері нысандарын жобалау және салу үшін алдын ала техникалық шарттарды дайындауға мүмкіндігі жоқ.
2. Су құбыры және/немесе кәріз желілеріне қосуға рұқсат алу үшін қажет:
2.1.Өтініш толытру (2 үлгі)
2.2. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесіне қосу үшін желілер
мен құрылыстарды салуға арналған жоба.
Жаңадан салынған су құбыры, кәріз желілерінің
жоспары мен қимасындағы (масштабы 1:500) атқарушылық сызба.
Тапсырыс берушінің, Мердігердің және «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің өкілдері қол қойған жасырын жұмыстарға арналған
Акт.
Тапсырыс берушінің, Мердігердің және «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің өкілдері қол қойған су құбыры, кәріз жүйелерін
гидравликалық сынау актісі.
Нысанның құрылысы кезінде пайдаланылған
материалдар сапасының сертификаты.
Нысанның аяқталған құрылысы бойынша орындалған
жұмыстарды қабылдау актісі.
Тиісті лицензиясы бар мердігерлік ұйыммен жұмыс
жүргізуге арналған шарт.
Тапсырыс беруші, мердігер және «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің өкілдері қол қойған су құбыры, кәріз жүйелерін шаю
және зарарсыздандыру актісі.
Жаңадан салынған су құбыры, кәріз жүйелерінің
қала планшетіне салынғанын растайтын анықтама. "Мемқалақұрылыскадастры" РМК-ның Шымкенттегі филиалымен беріледі.
Сумен жабдықтау және/немесе ағынды суларды бұру
бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарт. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің
Халықпен жұмыс жөніндегі маркетинг бөлімінен беріледі, каб.103,104,111,
тел.321190 (ішкі 225,226)
Ескерту: көрсетілген құжаттарды өткізбей, кәсіпорын Сіздің өтінішіңізді
қабылдауға және қалалық су құбыры және/немесе кәріз жүйесіне қосуға техникалық
шарттарды дайындауға мүмкіндігі жоқ.
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
Кәсәпорындар мен мекемелер.
1. Су құбыры және/немесе кәріз жүйелерінің объектілерін жобалау және салу үшін алдын ала техникалық шарттар алу үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1.1. Өтініш толтыру (3 үлгі)
1.2. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
Ахуалдық сызба (топосъемка 1:2000). Тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйым
береді.
Қосылатын нысанды, сондай-ақ инженерлік коммуникацияларды, ғимараттар мен
құрылыстарды түсірумен учаскенің және іргелес аумақтардың жоспары (топосъемка
1:500). Тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйым береді.
Үшінші меншік иесінен желіге қосылуға анықтама-рұқсат (қосылған абонент желісі мен су құбыры және кәріз шаруашылығы желісі арасында үшінші меншік иесінің желісі болған жағдайда).
Меншік иесінің нысанға құқығын куәландыратын құжат.(мем. актінің көшірмесі, техникалық паспорт, сатып алу-сату шарты, жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәлімет, жеке куәлік).
Нысанның қуаты мен мақсатына сәйкес су тұтынуды, су бұруды есептеу (құбыр қимасының диаметрі 15 мм асатын объектілер үшін). Тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйым жүргізеді.
6. Желіні пайдалануды жүзеге асыратын ұйымнан су құбыры, кәріз желілеріне
қосуға техникалық шарттар беру туралы қорытынды:
Еңбекші ауданы, Уәлиханов көшесі-188а, тел.576665
Әл-Фараби ауданы, Курнаков көшесі, н/ү , тел.530956
Абай ауданы, 4 шағын ауданы. Фабрициус көшесі, н/ү, тел.461038
Қаратау учаскесі, Төлеметов көшесі, н/ү, диспет. ұялы тел. 87029030540
Ворошиловка, Чапаевка е/м, Ленгер тас жолы, н/ү тел.276531
Кайтпас учаскесі- Бәйдібек би н/ү (ЖЖМ стансасының жанында), тел.476182
Қызыл-Сай е/м , Тәуке-Хан-22, тел.554265
Қорғасын е/м, Гагарин көшесі, н/ү (СМУ-4 жанында), тел.541258.
Қазығұрт шағын ауданы, Жандарбеков көшесі, 169, әкімшілік ғимараты, ұялы тел.
87013001454
Ескерту: көрсетілген құжаттарды өткізбей, кәсіпорын Сіздің өтінішіңізді қабылдауға және су құбыры және/немесе кәріз жүйелері нысандарын жобалау және салу үшін алдын ала техникалық шарттарды дайындауға мүмкіндігі жоқ.
2. Су құбыры және/немесе кәріз желілеріне қосуға рұқсат алу үшін қажет:
2.1.Өтініш толтыру (4 үлгі)
2.2. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесіне қосу үшін желілер мен құрылыстарды салуға
арналған жоба.
Жаңадан салынған су құбыры, кәріз желілерінің жоспары мен қимасындағы (масштабы
1:500) атқарушылық сызба.
Тапсырыс берушінің, Мердігердің және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің өкілдері
қол қойған жасырын жұмыстарға арналған Акт.
Тапсырыс берушінің, Мердігердің және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің өкілдері
қол қойған су құбыры, кәріз жүйелерін гидравликалық сынау актісі.
Нысанның құрылысы кезінде пайдаланылған материалдар сапасының сертификаты.
Мердігердің және өрт инспекциясының өкілдері қол қойған өрт гидранттарын (өрт
гидранттарын орнатқан жағдайда) жарамдылығы мен су қайтаруына сынау актісі.
Нысанның аяқталған құрылысы бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісі.
Тиісті лицензиясы бар мердігерлік ұйыммен жұмыс жүргізуге арналған шарт.
Тапсырыс беруші, мердігер және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің өкілдері қол
қойған су құбыры, кәріз жүйелерін шаю және зарарсыздандыру актісі.
Жаңадан салынған су құбыры, кәріз жүйелерінің қала планшетіне салынғанын
растайтын анықтама. Қалалық сәулет бөлімінен беріледі (Түркістан көшесі, 11).
Тұтынушы мен сумен жабдықтау ұйымы арасындағы теңгерімдік тиесілілігін және
пайдалану жауапкершілігін шектеу актісі. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің заңды
тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен жұмыс жөніндегі маркетинг бөлімімен
беріледі, каб.315,316,317, тел.32-11-90 (ішкі 118, 129, 130).
Сумен жабдықтау, кәріз желілеріне қосуға қорытынды. «Су ресурстары-Маркетинг»
ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлімімен беріледі (каб.211), Бас инженер бекітеді
(каб.100).
Тапсырыс берушінің жаңадан салынған су құбыры, кәріз желісін су құбыры және
кәріз шаруашылығы желісіне қосу актісі «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің
өндірістік-техникалық бөлімімен беріледі, каб.211.
Сумен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің заңды тұлғалармен және жеке
кәсіпкерлермен жұмыс жөніндегі маркетинг бөлімімен беріледі, каб. 315,316,317,
тел.32-11-90(ішкі 118, 129, 130).
Ескерту: көрсетілген құжаттарды өткізбей, кәсіпорын Сіздің өтінішіңізді қабылдауға және қалалық су құбыры және/немесе кәріз жүйесіне қосуға техникалық шарттарды дайындауға мүмкіндігі жоқ.
Техникалық шарттарды беру өтініштеріне қоса берілетін құжаттарды ресімдеу мен
дайындауда көмек алу үшін Сіз өндірістік-техникалық бөлімге хабарласа аласыз
(каб.211) тел.32-11-90 (ішкі 121).
барлық дауыс: 5140
дауыс мұрағаты