русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Аймақ жаңалықтары

новость от 16.03.2026

Түркістан облысында «Бәйдібек ата» және «Қарақуыc» су қоймаларының құрылысы аяқталуға жақын. «Бәйдібек ата» су қоймасы Түркістан облысының Бәйдібек ауданында, Балабөген мен Үлкен Бөген өзендері тоғысатын жерде, 860 гектар аумақта салынып жатыр. Су қоймасының көлемі – 68 млн текше метр. Су қоймасы бөгетінің ұзындығы – 1,75 км, биіктігі – 26 м.

Нысан вегетацияаралық кезеңде суды жинап, ал вегетация кезеңінде қосымша су көлемін Бөген су қоймасына тиімді бағыттауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жоба бойынша жұмыстардың 80%-ы орындалды.

«Бәйдібек ата» су қоймасынан Бөген су қоймасына су жіберуді реттеу үшін «Сарқырама» каналы салынып жатыр. Ұзындығы 21,7 км болатын бұл нысан секундына 12 текше метр су өткізе алады, сондай-ақ 2,5 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді.

Көлемі 1,2 млн текше метр болатын «Қарақуыc» су қоймасы Түркістан облысының Төлеби ауданында салынып жатыр. Бұл нысан 500 гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Екі су қоймасындағы құрылыс-монтаж жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады.

«Жаңа су қоймалары тасқын және еріген қар суын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе климаттың өзгеруі жағдайында өте маңызды. Қосымша суармалы жерлерді игеруге мүмкіндік пайда болады, сондай-ақ Бөген су қоймасындағы су деңгейін қауіпсіз реттеуге жағдай жасалады. Гидрологиялық есептеулер бойынша, Бөген өзені арқылы жыл сайын орта есеппен 165 млн текше метр су келеді. Сондықтан бұл суды жинап, жергілікті тұрғындардың қажетіне бағыттау маңызды», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары