Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 07.10.2026
Шымкенттің күрделі жер бедері — бұл тек биіктік айырмашылығы ғана емес, сонымен қатар су құбырларындағы қысымның күрт өзгеру қаупі.Оған жол бермеу үшін нысандарға арнайы датчиктер орнатылған. Олар су жүйесінің параметрлерін тәулік бойы бақылап, деректерді нақты уақыт режимінде диспетчерлік қызметке жібереді.
Қысым өзгерді ме?
Жүйе оны бірден тіркейді.
Диспетчер жағдайды қашықтан көріп, қажет болған жағдайда судың берілуін жедел реттей алады.
Бүгінде қалада 296 қысым реттегіш орнатылған және 210 су тарату торабы жұмыс істейді.
Ал электр жетекті ысырмалар желінің қажетті учаскесін мамандарды нысанға жібермей-ақ, қашықтан жабуға мүмкіндік береді.
Барлығы біртұтас механизм ретінде жұмыс істейді: датчиктер тіркейді → автоматика талдайды → диспетчер бақылайды → жүйе әрекет етеді.
Мұның бәрі бір ғана басты мақсат үшін - Шымкентті тұрақты әрі үздіксіз сумен қамтамасыз ету.
.







