Жаңалық - Құттықтаймыз
новость от 17.08.2026
«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-не қарасты КТҚ инженер-механигі Кучеренко Игорь Николаевичтің құрметті еңбек демалысына шығуына орай салтанатты шара өтті.Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және өз ісіне деген беріктігі үшін Игорь Николаевичке кәсіпорынның жұмысы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғыс пен ризашылық білдірілді.
«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-гі және кәсіподақ арасындағы ұжымдық шартына сәйкес, Игорь Николаевичке ақшалай сыйақы, сондай-ақ көп жылғы еңбегіне көрсетілген құрмет пен алғыстың белгісі ретінде кәсіпорынның атынан “Ерен еңбегі” үшін медал табысталды.
Барша ұжым атынан Игорь Николаевичке зор денсаулық, амандық, бақ-береке және бар жақсылықты тілейміз! Алда әлі талай бақытты да жарқын сәттер көп болсын!







