Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 04.05.2026
Аталған коллектор 1963 жылы салынған және ұзақ жылдар бойы пайдаланылуына байланысты айтарлықтай тозған. Қазіргі уақытта су бұру жүйесінің сенімділігін арттыру мақсатында оны ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айының басында осы учаскеде апат орын алған болатын. Оның негізгі себептері – құбырдың қатты тозуы және «Оңтүстік» пен «Ордабасы» индустриялық аймақтарынан келетін ағынды сулардың әсері.
Ағынды сулардағы зиянды заттардың мөлшері рұқсат етілген нормадан асып, бұл құбырлардың тез бұзылуына және жол жабынының опырылуына әкелді.
2026 жылы инвестициялық жаңғырту бағдарламасы аясында 14 499 погон метр кәріз желілерін ауыстыру, сондай-ақ 466 погон метрге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.
Кәріз желілерін пайдалану учаскесі толықтай басшылықпен, инженерлік-техникалық және өндірістік персоналмен қамтамасыз етілген.







