Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.08.2026
Шымкентте Қабанбай батыр көшесіндегі әйгілі он екі қабатты үйлер — халық арасында «Үш батыр» аталынып кеткен, бұл биік ғимараттар — өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында салынған. Алайда жоғарғы қабат тұрғындары үшін су мәселесі өзекті болып қала берді: су қысымының төмен болуына байланысты су жиі іркіліп, кейде пәтерлерге мүлде жетпей қалатын.Бұл мәселені шешу үшін «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС үшінші көтерілімдегі сорғы станциясын орнатты. Заманауи жабдық су қысымын тұрақтандырып, жоғарғы қабаттарға судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің үшінші көтерілімдегі сорғы станциясында автоматтандырылған басқаруға арналған жиілік түрлендіргіштері бар жиырма басқару шкафы жұмыс істейді. Бұл жүйе жабдықты үнемі қолмен басқару қажеттілігін іс жүзінде жояды, қызмет көрсетуші персоналдың қателесу ықтималдығын азайтады және сорғы станциясының үздіксіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.







