Сұрақтар-жауаптар - Су құбыры және кәріз желілеріне қызмет көрсету (пайдалану) (5)
24.05.2017 (сұрақтың нөмірі 1037)
сұрақ қойылды: Аблаев Наби МаханұлыСұрақ: Сәлеметсізба Менин сураиын дегеним Тузелбаев кошесинде жол жондеу жумыстары журип жатыр кәріз жүиеси жургізілген бирак ешкимге косылмаган асфалт тоселмеи жатып кәріз жуиесіне косылсак деген едик тузелбаев кошеси тургындары атынан билеин деген едим ол ушин не істеу керек не кұжат керек кімге жолыгып білуге болады
Жауап: «Су ресурстары-Маркетинг»ЖШС қызметкерлері хатыңызда көрсетілген Түзелбаев көшесі бойынша анықтау жұмыстарын жүргізді. Анықтау барысында Сіздің аталған көше бойымен өтетін д-250мм-лік кәріз /канализация/ жүйесіне қосылуға мүмкіншілігіңіз бар екендігі анықталды.
Сізге жоғарыда көрсетілген кәріз жүйесіне қосылу үшін:
1. Кәріз жүйесіне қосылуға арыз жазу (Су ресурстары-Маркетинг);
2. Топографиялық сызба дайындау;
3. Кәріз жүйесіне қосылу үшін техникалық шарттар беруге қорытынды алу;
4. Берілген қорытындыға сәйкес техникалық шарт алу;
5. Алынған техникалық шартқа сәйкес сметалық-жобалық құжаттар дайындау, СЖҚ сәйкес құрылыс жүргізу. Аталған құрылысты лицензиясы бар мекеме жүргізуі тиіс. Сметалық-жобалық құжаттарды дайындау және СЖҚ сәйкес құрылысты абонент өз есебіненжүргізуі қажет екендігін хабарлаймыз.
барлық дауыс: 5661
дауыс мұрағаты