Сұрақтар-жауаптар - Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін есеп айырысу (6)
01.05.2014 (сұрақтың нөмірі 429)
сұрақ қойылды: Б Н ТСұрақ: Д/есеп 53524 бойынша 2014 жылдың сәуір айында 1991-2015 яғни 24 куб су
пайдаланыптық, алайда 12 куб-ты 55,98 тарифпен, ал 12 куб-ты 74,60 тарифпен
есептеп 1567 тенге төлеуге шығарған, ал 298 тенге не үшін ОСЕ б-ша қарыз деген не
сұмдық. Егерде шығын деп есептесе біз шығын үшін, 74,60 тарифімен есептеліп
отыр.
ҚР заңы бойынша 1 әрекетке азаматтар 2 рет "жазаланбайды" , яғни 1 адам басына (3 куб ), артық жаққан 12 куб суға артығы үшін 74,60 тенгемен санап отырсыздар. ал 298 тенге не үшін,
Жауап: Құрметті Батырова. Жеке су өлшегіш құралымен пайдаланған ауыз су төлем ақысы диференциалды тарифпен дұрыс есептелген. ОСЕ- деген ортақ су есептегіш құралымен есептелеген қарыз. ОҚО Әділет департаменті бойынша Түркістан көшесі 2/7 үй кондоминиум объектісі болып тіркелген. 28 қараша 2003жылы №1194 ҚР үкіметі қаулысымен бекітілген Сумен жабдықтау және немесе сарқынды суды бұру жөнінде қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған келісім-шарттың 11 тармағына сәйкес, сондай-ақ 15.10.2004жылы ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігімен келісілген Сумен жабдықтау және немесе сарқынды суды бұру жөнінде қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған келісім-шартқа сәйкес «Жеке есептеу құралдары 100% болған кезде жалпы үйдің есептеу құралының көрсеткіштері мен жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық нақты тұратын адамдардың санына сәйкес кондоминиум объектісі меншік иелерінің ақы төленуіне жатады». 2014жылы сәуір айында Түркістан көшесі 2/7 үйде ортақ су есептеу құралы көрсеткіші мен жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық анықталып нақты тұратын адамдардың санына сәйкес қосымша төлем ақы есептелген. Халықпен жұмыс істеу бөлімі бастығы Әлімқұлов О.Б.
барлық дауыс: 5365
дауыс мұрағаты