Сұрақтар-жауаптар - Су құбыры және кәріз желілеріне қызмет көрсету (пайдалану) (5)
05.09.2014 (сұрақтың нөмірі 543)
сұрақ қойылды: Жетписбаев Толеген ЕрсайновичСұрақ: Біздің Асқаров көшесі 34 үйде, су қысымы қарбалас (час-пик) уақытта, яғни таңғы 7-9 сағат, кешкі 19-21 сағаттарда төмендеп кетеді, сондықтан газколонкалар қосылмай, ыстық суды пайдалана алмаймыз. Ал басқа уақытта су қысымы өз деңгейіне жетеді. Білетіндердің айтуынша біздің үйге келетін құбырдағы ашу-жабу құлағы жартылай ғана ашық тұр екен, оның қандай мақсатта толық ашылмауының себебін білмейміз. Қазіргі жағдай бойынша ауыз сумен қамту стандарттарға сай келмей отыр, сондықтан тұтынушыларды қорғау агенттігіне жүгінбес алдын қызмет көрсетуші ұйымның жауабын алуды жөн көрдік.
Жауап: Т.Е. Жектписбаев мырзаға Сіздің WEB сайт арқылы пәтеріңізде ауыз судың қысымы төмендігін Абай ауданы су құбырын пайдалану бөлімінің жұмысшыларымен орнына шығып тексерілді. Тексеру кезінде үйдің жертөлесінде орналасқансн жалпы су өлшегіш құралына дейін және жалпы су өлшегіш құралынан кейін ауыз судың қысымы жеткілікті екені анықталды (Р – 2,4 ати). Қысымның жеткіліксіз болған себебі, пәтердің ішіндегі су есептегіш құралының сүзгіші толып қалғаны анықталды. Сүзгішті тазалағаннан кейін, ауыз судың қысымы жеткілікті. Акт түзілді. Бас директор А. Орман Орын: Қ. Асырауов
барлық дауыс: 5151
дауыс мұрағаты