русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Сұрақтар-жауаптар - Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін есеп айырысу (6)


Сұрағыңызды қойыңыз

02.12.2014 (сұрақтың нөмірі 599)

сұрақ қойылды: Жумабеков Мадияр Уалиевич 

Сұрақ: Мен 17мкрн 1-үй 64 пәтерде тұрамын. Қараша айының суды пайдаланғаным үшін төлейтін түбіртекте өзім пайдаланған сумен бірге қосымша бөлек 149 тенге қарыз деп келді.Север мкрн-дағы кассаға төлеуге барғанымда, мен осы мәселені сұрағанымда, олар маған подвалдан утечка кеткен сол үшін сіз 149 тенге қарыз болып тұрсыз дейді.Ал, мен оларға ол суды мен пайдаланғаным жок, ол кандай утечка біздің подвал былтыр ғана тазаланып ремонттан өткен, мен пайдаланбаған суға неге мен төлеуім керек, бұл қаншалықты заңды деген сұрағыма ол жактағылар жауап бере алмады. Олардын берген жауабы баратын жағынызға бара берініз Әкімге немесе прокуротураға деп жауап берді. Ал енді мен сіздерден сұрайтыным , біз пайдаланбаған суға не себептен төлеуіміз керек және ол қаншалықты заңды Қазақстан Республикасынын қандай занында қай баптарында жазылған. Осы мәселе бойынша сіздерден нақты жауап алсам деймін, Алдын ала жауаптарынызға рахмет!


б

Жауап: Құрметті Мадияр! ОҚО Әділет департаменті бойынша 17 мөлтек ауданы 1 үй кондоминиум объектісі болып тіркелген. 28 қараша 2003жылы №1194 ҚР үкіметі қаулысымен бекітілген Сумен жабдықтау және немесе сарқынды суды бұру жөнінде қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған келісім-шарттың 11 тармағына сәйкес, сондай-ақ 15.10.2004жылы ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігімен келісілген Сумен жабдықтау және немесе сарқынды суды бұру жөнінде қызметтер көрсетуді ұсынуға арналған келісім-шартқа сәйкес «Жеке есептеу құралдары 100% болған кезде жалпы үйдің есептеу құралының көрсеткіштері мен жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық нақты тұратын адамдардың санына сәйкес кондоминиум объектісі меншік иелерінің ақы төленуіне жатады». Қараша айында ортақ су есептеу құралы көрсеткіші мен жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық анықталып нақты тұратын адамдардың санына сәйкес қосымша төлем ақы есептелген. Сізге ұсынылған түбіртектегі 149теңге қосымша төлем ақыны төлу керек екенін хабарлаймыз Халықпен жұмыс істеу бөлімі бастығы Әлімқұлов О.Б.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары