Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 25.02.2020
Заңсыз жер қойнауын пайдалану Түркістан облысының экологиясына зиянын тигізеді
Облыста 200-ге жуық өзен бар, бірақ олардың көпшілігінде құм мен қиыршық тасты заңсыз алудың салдарынан түбі шамамен 15 метрге батып кетті. Экологтар дабыл қағуда: егер бұл жалғаса берсе, су объектілері таяз болып кетуі мүмкін. Өткен жылы облыста жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 58 фактісі анықталды, деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі.
Бұзушыларға 6 миллион теңге айыппұл салынды. Ал, «қара қазушылармен» күрес әлі айтарлықтай нәтиже берген жоқ. Үздіксіз жасалған рейдтерге қарамастан, олар заңсыз әрекеттерін жалғастыруда.
Имангелді Түймебаев, Экология департаментінің бастығы: «Қоқыс тастау жерлеріне байланысты мәселелер бар. Облыста 836 елді мекен бар, бірақ қоқыс тастайтын тек 163 полигон болса, оның 21-і рұқсатсыз. 5 ауылға арналған бір ғана полигон бар екен. Біз тұрғындардан қоқысты үйінен 50 немесе 100 шақырым жердегі қоқыс төгетін орынға шығаруды талап ете алмаймыз. Бұл мәселені жергілікті атқарушы органдар шешуі керек. Ауылдарға қоқыс полигондарын салу керек».
барлық дауыс: 5164
дауыс мұрағаты