Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 26.02.2020
Келесі кезекте – «Тұран»
«Тұран» ықшамауданындағы негізгі сұрақ: ауыз су, адамдар оны цистерналарда үйге әкеледі. Тоқберген Әміров, шағын ауданның тұрғыны, адамдардың денсаулығына алаңдайды, мұндағы суды ешкім тексермейді. Тоқберген әкімдікке ондаған рет барғанын, бірақ нәтиже шықпағанын айтады. «Біз суды цистернамен әкелеміз, алд онда құрттар болуы мүмкін. Су лас болады. Бізді ешкім тексермейді, СЭС келмейді. Жарықты да өзіміз өткіздік, бұл қалай болғаны? Бағандар сатып алынды. Біз басқа планетада өмір сүріп жатырмыз ба сонда? Тек уәде беруді біледі», - дейді тұрғын. Бұл туралы қала әкімі М.Айтеновтың ауыл тұрғындарымен кездесуі кезінде айтылды.
Инфрақұрылымдық желілер жыл соңына дейін орнатылады. «Біз жұмысқа кірістік. Биыл біз суды жеткіземіз, жобалар дайын. Газ бен суды да өткіземіз. Қазірдің өзінде бүкіл инфрақұрылымды жүзеге асыра бастадық. Шамалы күту керек. Барлық мәселелер біртіндеп шешіледі. Біз тұрғындарға жағдай жасауға міндеттіміз», - деді М.Айтенов.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты