русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 26.02.2020

Тасқынға дайынбыз!
А.Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында алдағы су тасқынына қызметтердің дайындығы қаралды. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, биыл ылғал қорының мөлшері Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының таулы өзендерінің бассейндерінде, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы өзендерінде орташа көпжылдық нормадан жоғары. Республикада 463 гидротехникалық құрылым жөндеуді қажет етеді.
Өңірлерде қорғаныс бөгеттерін салу және жөндеу, жағалауды қорғау, тереңдету, су басу қаупі бар өзендердің арналарын түзету, дренаждық каналдар орнату және суару арықтарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Эвакуацияланған халық үшін 1707 қабылдау пункттері дайындалып, эвакуация жолдары жаңартылды, ІІМ күштері мен құралдары тобы құрылды. 464 қауіпті жол учаскелері, 66 көпір және 852 су өткізгіш құбырлар бақылауға алынды.
Үкімет басшысы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары мен темір жолдарда су тасқынының алдын-алу бойынша тәулік бойы мониторинг жүргізуді, аймақтарда штабтар құруды және ықтимал төтенше жағдайларға күштер мен құралдардың толық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары