Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.02.2020
Өзбекстан мамандары қазақстандық су арнасынан үйренуде
Ақпан айының соңында тәжірибе алу үшін Шымкенттегі су арнасына үш делегация келді. Біз алдын тазарту қондырғыларының жұмысын зерттеген атыраулықтар мен энергияны үнемдеу және суды залалсыздандыру тақырыбына қызығушылық танытқан Наманған өкілдерінің сапары туралы әңгімелеген болатынбыз. 25 ақпанда Шымкентке Ташкент облысындағы сумен жабдықтау және кәрізге жауапты әріптестер келді.Өзбекстанның өкілдерін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і Бақылау кеңесінің төрағасы А.Орман және кәсіпорын бас директорының орынбасарлары Ж.Турдалиев пен Б. Қалмырзаев қарсы алды.
Қонақтарды көптеген сұрақтар қызықтырды. Көп қабатты үйлерде қайта құру қалай және кімнің есебінен жүзеге асырылады? Жалпы үйдегі шығындар мәселесі қалай шешіліп жатыр? Бұл мәселелер Өзбекстан үшін өте өзекті, желілер нашарлауда және оларды ауыстыру қажет, жеткізушілер мен абоненттер арасындағы қатынасты реттейтін тетіктер жоқ. Анарбек Оңғарұлы Шымкентте жұмыс істейтін схема туралы айтты. Ол Қазақстанда жалпы тұрғын үй шығындары пәтер иелері – кондоминиум мүшелерінің мойнына түсетінін нақты түсіндіретін заңнамалық нормалар бар екенін атап өтті. Егер адамдар ол үшін ақша төлегісі келмесе, олар ішкі желілерді қайта құруды таңдайды. Сумен жабдықтаушы компания мердігер орындайтын осындай жұмыстарды несиелендіреді. Тұтастай алғанда, бұл кездесуде маркетинг және қызмет көрсету мәселелері басты орын алды.
Сапар барысында қонақтар орталық диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысты, оларға тазарту қондырғылары көрсетілді. Сонымен қатар, өзбек әріптестер квартал, көше және жалпы үй су есептегіштерінің көмегімен суды тұтынуды бақылау жүйесін зерттеді.
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты