Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 27.02.2020
Әлемдік брендтер пластикалық бөтелкелерден киім шығаруды бастады
Сән индустриясы әлемдегі ең ластаушы салалардың бірі болып табылады. БҰҰ зерттеулеріне сәйкес, сән индустриясы әлемдегі барлық ағынды сулардың 20%-ын және көміртегі ғаламдық шығарылымдарының 10%-ын құрайды – бұл халықаралық әуе мен кеме қатынасы құрамындағыдан да көп. Бір жұп джинсы өндіру үшін шамамен 7500 литр су қажет. Егер осы бағытта жалғастыра берсек, 2050 жылға қарай сән индустриясы әлемдік көміртегі бюджетінің 26%-ын тұтынатын болады.
Тек қайта өңделген материалдардан киім өндіру жағдайды түзетуге мүмкіндік береді. Жақында әлемдік брендтер пластикалық бөтелкелерден, қайта өңделген мақта, кокос және полиэстерден киім шығаруды бастады. Оны жасау үшін шикізат аз пайдаланылады, бұл табиғатқа зиянды әсерді азайтады, мысалы, су және химиялық заттар аз қолданылады және көміртегі шығарындылары да азаяды.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты