Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 01.03.2020
«Су және су бұруды басқару» МҚМ-де жаңа басшы
«Су және су бұруды басқару» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында басшы ауысты. Соңғы бірнеше айда оны Бауыржан Ділдабеков басқарды. Оның орнына Нұрғали Смадиярұлы келді.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і Бақылау кеңесінің төрағасы Анарбек Орман жаңа басшыны кәсіпорын ұжымымен таныстырды, таныстыруға Шымкент қаласы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жаманқоз қатысты.
«Су және су бұруды басқару» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында барлығы 160 адам жұмыс істейді. Бұл мекеме су және кәріз желілері, ұңғымалар және басқалардың инфрақұрылымының едәуір бөлігін пайдалануға және қызмет көрсетуге жауап береді. Бұған дейін кәсіпорын сумен жабдықтаушы – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-мен тығыз жұмыс істеді. Екі ұйымның қарым-қатынасы болашақта қалай дамитыны әлі белгісіз.
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты