Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.03.2020
Шымкент-Финляндия – жұмыс жобасы
Шымкент су арнасы және финдік «UROS» компаниясы келіссөздердің соңғы сатысына жетті. Таяу уақытта су шығынын едәуір төмендететін жаңа бағдарлама «Су ресурстары-Маркетингі» ЖШС-і базасында сынақтан өткізіледі.
Фин тарапымен келіссөздер 2019 жылдың күзінде басталды. «UROS» компаниясы су саласын бағдарламалық қамтамасыз ету нарығында танымал. Гидравликалық модельдеу бағдарламасы енгізіледі, сынақ алаңы ретінде өлшеу жүргізілетін проблемалық аймақ таңдалады. Финдер шығындарды 35%-дан 15%-ға дейін төмендетуге уәде берді.
Фин компаниясының басшылары сумен жабдықтау саласындағы жаңа бағдарламалық қамтамасыздандыру мен жаңа техниканы енгізу сәтті болатынына сенімді. Сондықтан «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і мен «UROS» компаниясы серіктестігін дамытудың келесі қадамы ретінде бірлескен өнімді құруды жоспарлауда. Ол Қазақстан мен Өзбекстанның су шаруашылығы желілеріне ұсынылатын болады.
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты