Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 02.03.2020
Мақтарал ауданында ирригациялық жүйелер жетілдірілуде
Соңғы жылдары Мақтаарал ауданында жер асты суларының тез көтерілуіне байланысты топырақ ластанып, бұл өз кезегінде шаруалардың мол өнім алуына жол бермейді. Сонымен қатар, жүйелердің бітелуі, арналар мен бетон арықтарының болмауы егіс алқабын сумен қамтамасыз етуді қиындатады. Мәселені шешуге мемлекет қаражат бөлді, ПУИД-2 жобасы бойынша ирригациялық және дренаждық жүйелерді жақсарту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Аумақтың 39796 га қамтылды, жұмыс 3 кезеңде жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын Әзірбайжан, Иран және Израильдің жетекші компаниялары жүргізеді. Жоба 3 жылға жоспарланған. Бүгінгі күнде 9 канал жөнделді. Қысқы тазалау аяқталғаннан кейін құрылыс жұмыстары жалғасады.
барлық дауыс: 5164
дауыс мұрағаты