Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 02.03.2020
Төлемегені үшін өшірілген
Электр энергиясы бойынша кемінде 1 теңге қарызы бар қазақстандықтар электр энергиясынан ажыратылады, қайта қосу үшін 6 730 теңгеден төлеуге тура келеді. Бұл норма Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 43 бұйрығымен бекітілді.
Егер бұрын қарыз үшін жарықтан ажырату үшін хабарламаны алғаны туралы жазбаша растау қажет болса, енді компанияны бұл туралы кез келген қол жетімді тәсілмен (электронды пошта, факс, пошта, SMS немесе мультимедиялық хабарлама немесе белсенді мессенджерлер арқылы) хабардар етуі жеткілікті: заңды тұлғаларға – кемінде 5 жұмыс күні ішінде, ал жеке тұлғалар үшін – 30 күн ішінде.
Егер электр қуатынан ажырату орын алса, оны, қарызға қосымша, қосылу құнын төлеу арқылы қостыруға болады. Қарапайым азаматтар пәтерді қосқаны үшін 6 730 теңге, жеке үй үшін – 10 115 теңге төлейді. Заңды тұлғалар 11606 теңге төлеуі керек.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты