Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 03.03.2020
Германия елшісі Шымкент су арнасында болды
Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі доктор Тило Клиннер «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і Бақылау кеңесінің төрағасы Анарбек Орманмен кездесті.
Елші мырза және Анарбек Орман жарты сағаттық әңгімесінде екі елдің ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Д-р Клиннер мен Бақылау кеңесінің төрағасы келіссөздердің нәтижелеріне қанағаттанушылық білдірді. Елші Шымкент су шаруашылығы мұражайын аралап, кәсіпорын жұмыс істейтін технологиялармен және тарихымен танысты. Клиннер мырза су арнасының жұмысын жоғары бағалады.
Төтенше және өкілетті елші Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің дипломаттар үшін ұйымдастырған екі күндік сапарына қатысуда. Делегация Шымкент пен Түркістанда болды, онда екі ел арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды.
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты