Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.03.2020
«Су құбыры және кәріз басқармасы» МҚК мекен-жайын өзгертті
«Су құбыры және кәріз басқармасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өзінің орналасқан жерін өзгертті.Енді бұл ұйым Бәйдібек би - Төлеметов көшелерінің қиылысында орналасқан. Байланыс телефоны - 47 61 82. Еске салайық, бұл ұйымның балансында су және кәріз желілерінің едәуір бөлігі бар. Бұл мемлекет есебінен салынған инфрақұрылым.
«Су құбыры және кәріз басқармасы» МҚК-ның желілеріне қосылған тұтынушылардың жалпы саны – 104413 абонент, оның ішінде жеке сектор – 64684, көп қабатты үйлердегі – 39729. Кәріз сорғы станциялар саны – 39, ұңғымалар саны – 15. Бұл абоненттердің теңгерімге жаңа су құбырлары мен кәріз нысандарының қабылдануына байланысты қосылуына негізделген. Атап айтқанда, Тоғыс, Маятас, Жылнабұзған, Айнатас, Алтынтөбе жаңа елді мекендері.
барлық дауыс: 5540
дауыс мұрағаты