Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 09.03.2020
Кентау суы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейді
2019 жылдың қыркүйегінен бастап Кентау қаласы әкімдігінің өтініші бойынша «Экосервис-С» экологиялық компаниясы ЖШС «Кентау қаласы және оған жақын орналасқан елді мекендердің қоршаған ортасы мен халық денсаулығының жай-күйін кешенді бағалау» жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында ауыз судың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы 38 параметр бойынша зерттелді. Үлгілер сумен жабдықтау көзінде және соңғы нүктеде – тұтынушыдан алынды. 26 су сынамасының 16-сы (60 пайызы) қаттылығы, минералдануы, радиологиялық және бактериологиялық көрсеткіштері бойынша қажетті су сапасына сәйкес келмейді. Бұл нәтижелер түпкілікті емес, әрі қарай жұмыс жалғасуда.
барлық дауыс: 5688
дауыс мұрағаты