Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 10.03.2020
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында салынып жатқан ғимараттарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жүргізілуде.
Барлық жүйелер отандық өндіріс болып табылады. Жұмыстарды тексере келе, аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев оларды кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, облыс әкімі Арыс-Түркістан арнасынан бастау алатын Р-32-2 ирригациялық су арнасы құрылысының барысымен танысты. Осы арна бойынша өтетін тіршілік көзі жасыл желектерді суару арқылы қаланың микроклиматын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар егістерді суаруға да мүмкіндік береді. Оның ұзындығы 3,6 км. Бүгінгі таңда бетондық жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, арна бойында жаяу жүргіншілер мен веложолдар пайда болады. Сонымен қатар, жарықтандыру желісін салу және орындықтар орнату жоспарлануда. Ирригация арнасын наурыз айының соңына дейін толтыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, аймақ басшысы «Түркістан» индустриялық аймағында орналасқан әкімшілік-тұрмыстық кешен құрылысын тексерді. Бүгінгі күні барлық жұмыстар 90%-ға орындалды. Абаттандыру мен әрлеу жұмыстары бір ай ішінде аяқталмақ. Ғимаратта «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін акт залы мен операциялық зал орналасады. Сонымен қатар, жақын арада кешен жанынан салынған футбол алаңы мен теннис корты пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, индустриялық аймақ аумағында жаңа Браунфилд өндірістік алаңдарының құрылысы жүргізілуде. Бірінші алаңның құрылысын наурыз айының соңында аяқтау жоспарлануда. Жалпы, жыл соңына дейін 5 Браунфилд салу жоспарлануда.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты