Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.03.2020
Қазіргі уақытта «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і мен «Су құбыры және кәріз басқармасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны арасында сумен жабдықтау және су бұру нысандарының теңгерімдік тиесілігін бөлу жүргізілуде.
Мамандар су құбыры, кәріз және энергетикалық желілердегі су кету, бұзылыстар және апаттық жағдайындағы жауапкершілік аймағын анықтап жатыр.
Іс жүзінде барлық жаңа аудандар «Су құбыры және кәріз басқармасы» МКК-ң жауапкершілік аймағына өтеді және осы компанияның мамандары желілерді пайдалану, жөндеу және қызмет көрсету үшін жауап береді. Осы мекеменің телефоны 47 61 82.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі инфрақұрылымның негізгі бөлігі қаланың ескі бөлігінде – Еңбекші, Абай және Әл-Фараби аудандарының аумақтарында орналасқан. Орталық диспетчерлік қызметінің телефоны –
32 -12 -74.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты