Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 15.03.2020
Нұр-сұлтан қаласында«Қазақстан су арнасы» сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығы мүшелерінің кезекті кездесуі өтті. Іс-шара барысында қатысушылар саланың даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің және табиғи монополияларды реттеу комитетінің уәкілетті органдарының өкілдерімен кездесті.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің атынан бас директордың экономик және маркетинг жөніндегі орынбасары Жанатбек Тұрдалиев қатысты. Үш күндік бағдарлама өте мазмұнды болды. Қатысушыларға қауымдастықтың жаңа мүшелерін таныстырды, олар өз қызметі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, қатысушылардың назарына ағынды суларды тазарту, құбырларды траншеясыз қалпына келтіру, сумен жабдықтау жүйелерін тиімді пайдалану және оңтайландыру саласындағы технологиялық жаңалықтар ұсынылды.
Сонымен қатар, қауымдастық мүшелеріне Еуропалық Комиссияның «Қазақстан мен Өзбекстанның инжинирингтік компанияларына қызмет көрсететін салалық қауымдастықтардың әлеуетін арттыру» жобасы таныстырылды. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты