Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 17.03.2020
Кәсіпорын орталық офисінің қызметкерлері мен келушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін санитарлық қауіпсіздіктің қосымша шаралары енгізілді.
Келушілерді фойеде қабылдайды-қатаң маскалық режим сақталады. Мұнда антисептикалық құралыда орнатылған, ал есік тұтқалары материалмен оралып, қысқа уақыт аралықтарында антисептикпен өңделеді.
Қоғамдық қабылдау бөлімінің өкілі қажетті түсініктемелер береді, ал қажет болған жағдайда фойеге жауапты қызметкерді шақырады. Қызмет көрсетуге ыңғайлы болу үшін төлемдер мен тарифтер мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істеу үшін тиісті бағдарламамен қамтамасыз етілген компьютерлер шығарылды.
Адамдардың топталуына жол берілмейді, келгендерді сыртта арнайы дайындалған алаңда күтулерін сұрайды. Кеңсе ресми поштаны сырттағы қабылдау бөлмесі арқылы қабылдайды.
Басқа қызметтер штаттық режимде жұмыс істейді. Шымкент қаласында ауыз су беру мәселесі бойынша алаңдаушылыққа себеп жоқ.
«Су ресурсы-Маркетинг» ЖШС-нің әкімшілігі
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты