Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 25.03.2020
Қазақстанда су ресурстарын басқарудың 10 жылдық бағдарламасының тұжырымдамасы бекітілді
Қазақстанның жер үсті суының жылдық қоры шамамен 100 текше км құрайды, оның 40 пайыздан астамы елден тыс жерлерде қалыптасады. Суды тұтынудың 67 пайызы ауыл шаруашылығына, қалғаны тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалады. 2040 жылға қарай Қазақстанда суды тұтыну 56 пайызға өседі деп күтілуде.
Су ресурстарын басқару 2020–2030 жылдарға арналған бағдарлама жер үсті суларының қосымша ресурстарын ұлғайту арқылы 2030 жылға қарай 100 текше км судың балансын сақтауға бағытталған: 5-7 текше км жаңа су қоймаларын салу, 5 текше км дейін суды үнемдеу, 15 текше км дейін жер асты суларын пайдалану. Көрсетілген мерзімге 26 жаңа гидротехникалық құрылысты салу, 182 республикалық және 300 коммуналды гидротехникалық құрылысты қайта құру жоспарлануда.
Құжатта суармалы жерлерді 1,7 миллионнан 3 миллион гектарға дейін ұлғайту үшін жаңа суару жүйелерінің құрылысы , суасты магистральдық және тарату каналдарының ұзындығын 3423-тен 19 мың шақырымға дейін ұлғайту қарастырылған.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты