Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 26.03.2020
Вирустар мен бактерияларға қарсы пленка
Канаданың Макмастер университетінің ғалымдар тобы жаңа қорғаныс пленкасын әзірледі. Оны медицинада ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мекемелерде және күнделікті өмірде қолдануға болады. Мысалы, есіктің тұтқаларында, тамақты орауға. Соңғысы сальмонелланы, листерияны және тамақта болуы мүмкін басқа бактерияларды жоюға көмектеседі.
Пленканың текстурасы микроскопиялық «әжімдерден» тұрады, сондықтан оның бетіне бір тамшы су немесе қан түскенде қайта секіреп артқа кетеді. Сол сияқты бактериялар одан «секіреді». Сарапшылар материалды антибиотикке төзімді бактериялардың ең қауіпті түрлерімен – стафилококк пен псевдомонамен сынап көрді. Микроскоп көмегімен олар бактериялардың бетіне тасымалданбайтындығына көз жеткізді.
Бұл технологияны барлық мемлекеттік мекемелерде, ауруханаларда, көлікте және үйде қолдануға болады. Ғалымдар мұны адамдар арасында жұқпалы және бактериялық аурулардың таралуына қарсы күрестегі нақты жетістік деп санайды.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты