русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 26.03.2020

Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар АӘК-ны мемлекеттік мекемелермен байланыссыз алады
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдармен байланыссыз атаулы әлеуметтік көмек ала бастайды (бұдан әрі – АӘК). Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық базалары арқылы нақтыланатын болады, атап айтқанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүліктің болуы, кірісі және т.б. Егер отбасы құрамы өзгермеген болса, тағайындауға өтініштер қолда бар мәліметтер негізінде жасалады. Бұл үшін жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері 1 тоқсанда АӘК алған азаматтар үшін өз бетінше өтініштер жасайды және АӘК тағайындау өлшемдеріне сәйкестігін тексереді. Барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жіберіледі.
1-тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға АӘК тағайындау үшін egov.kz порталы арқылы өтініш жіберу қажет. Әрі қарай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері құжаттарды мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында тексеріп, нәтижесін электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарлайды. Сонымен қатар, учаскелік комиссиялар тексеру жүргізбейді. Азаматтардан барлық қажетті құжаттар электронды пошта немесе мессенджерлер арқылы сұралады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары