Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 01.04.2020
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де мекеме қызметкерлері үшін қатаң карантиндік шаралар қабылданған. Санитарлық қауіпсіздік бойынша арнайы алгоритм жүзеге асырылуда. Жұмыс күнінің басында барлығы арнайы бекеттен міндетті медициналық тексеруден өтеді. Егер қызметкерде жоғары дене қызуы, жөтел болса, онда ол жұмыс орнына жіберілмейді. Проблемасы туралы қызметкер мекен-жайы бойынша поликлиникаға хабарлауға міндетті. Бөлім басшысы мұндай жағдайларды ерекше бақылауға алып, өз қызметкерінің жағдайын қадағалап отырады. Қажетті жағдайда оған көмек көрсетіледі.
Орталық диспетчерлік бөлім қызметкерлері ерекше жағдайда. Басқа қызмет пен бөлім өкілдеріне мұнда кіруге қатаң тыйым салынған.
Бір қатар қызметкерлер жұмысын қашықтан атқаруда. Басқармаға келушілердің саны шектелген және дене қызуын өлшегеннен кейін ғана кіре алады. Естеріңізге сала өтейік, орталық диспетчерлік қызмет телефоны 321-274, +7708 110 2121 (вацап), қоғаммен байланыс бөлімінің телефоны -+7701 989 2219.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты