Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.04.2020
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-ң зертхана басшысы Гүлжан Жауылбаеваның айтуынша, төтенше жағдай кезінде судың сапасы бойынша барлық бақылау сынамалары штаттық режимде алынуда. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қала тұрғындарының алаңдауына себеп жоқ - барлық қызметтер жұмыс жасауда, су зарарсыздандырылып, тұтынушыларға қажетті мөлшерде берілуде. Мекеме басшылығы үрдісті толық бақылауда. Зертхана басшысы шымкенттіктерден жеке гигиенаны және карантинді мұқият сақтауды өтінеді.








