Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 02.04.2020
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға арналған көптеген хабарламалар пайда болды. Онда азаматтарға белгіленген ақыға электрондық сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) онлайн түрінде ашып беру ұсынылуда. Сонымен бірге карантин кезінде табыс көзінен айырылу бойынша әлеуметтік көмекті рәсімдеп беру ұсынылып жатыр, сондықтан адамдардан ЖСН, ЭСҚ, банк картасының реквизиттерін, тіпті оның пин-кодын сұратуда. Азаматтар үшін үкімет мұндай қызметтерден бас тартуды ескертеді. Бөгде адамдарға өздерінің барлық жеке мәліметтерін беріп, адамдар өздеріне қауіп төндіреді. Одан бөлек үміттеніп отырған көмекті сол алаяқтар ұрлап алуы мүмкіндігін ескертеді.
Тағы бір қауіп, азаматтың барлық жеке мәліметтері арқылы алаяқтар оның атынан күмәнді бизнес ашуы, немесе оның мекен-жайында бейтаныс адамдарды тіркеуі, тіпті көліктерін өз аттарына ауыстырып алуы мүмкін. Банк картасының пин-коды арқылы барлық жиған қаражатын алып қоюы мүмкін.
Азаматтар үшін үкімет азаматтарға барлық онлайн режиміндегі қызметтерді тегін әрі қауіпсіз Бірыңғай байланыс орталығынан 1414 телефоны арқылы алуға болатынын естеріне салады. Қоңырау соғу тегін. Қазіргі таңда орталық жұмысына ХҚКО-ң 1800 қызметкері тартылған.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты