Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 07.04.2020
Мамандар су құрамын зерттеп, онда ешқандай зиянды заттар жоқ екенін анықтады. Шардара қоймасының мамандары ауру балықтарды ветеринарлық зертханаға жіберді. Зерттеулер барлықтар псевдомоноз (балық қанаттарының шіруі) ауруына шалдыққанын анықтады. Бұл ауруға көптеген балық түрлері шалдығады. Барлықтар əлсізденіп, су бетінде ауа жұталмай жатады.
Осыған байланысты бір қатар шара қолдану қажеттілігі анықталды. Біріншіден, Шардара су қоймасынан өсіру жəне көбейту үшін басқа су қоймаларына тірі балықтарды апаруды уақытша тоқтату. Екіншіден, барлық балықшыларға өз құралдарын зарарсыздандыруды міндеттеу. Үшіншіден, Шардара су қоймасы жағаларынан барлық өлі балақты жинап, жою. Төртіншіден, жеке тұлғалардың балық аулауын жəне спорттық балық аулауды уақытша тоқтату.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты