русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 12.04.2020

Жексенбі, 12-сәуір күні "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і бөлімшелерінің көптеген қызметкерлері қызметтік қажеттілігімен қалада қозғалу бойынша проблемаларға кезікті. Блок-посттардағы полиция қызметкерлері электрондық базада көліктеріңіздің мәліметтері тіркелмеген деп олардың машиналарын өткізбеді. Қағаз күіндегі рұқсат анықтамаларды қабылдамады. Шымкент қаласының төтенше жағдайға байланысты оперативті штаб талап еткен барлық қажетті формалар толтырылып көрсетілген мерзімде жіберілді. Байланыс жасап мекеме қызметкерлерінің тіркеуден өтуі туралы ақпаратты жексенбі күні алуға мүмкін болмады.
Кәсіпорын қала тұрғындарына ауыз сумен қамтамасыз ету жəне кəріз қызметтерін көрсетеді. Шымкент қаласының Бас дәрігері қаулысының 8.1 жəне 10 тармақтарына сәйкес жұмыс берушінің анықтамасы қалада қозғалуға негіз болады. Бұл құжаттың 12-сәуірден бастап күші жойылатындығы туралы мекеме ешқандай ресми хабарлама алмады. Шымкент қаласының төтенше жағдайға байланысты оперативті штабының жауапты қызметкерлерінен жағдайды бақылауға алып қарастыруын өтінеміз. Жұмыс орнында мамандардың болмауы мекеме көрсетіп жатқан қызметтер сапасына əсер етуі мүмкін. Мысалы, ауыз суды жеткізуге жəне тазарту қондырғыларында ағынды сулардың өнделуіне. Бұл өз кезегінде басқа да негативті жағдайларға əкелуі мүмкін.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары