Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 13.04.2020
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і Қазақстан Республикасында жарияланған төтенше жағдайда өз қызметін жалғастыруда. Жұмыс барысында санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуда. Диспетчерлік бөлімге өтініштер түсе сала олармен апатты топтар жұмыс жасап ақаулықтар дер кезінде жойылуда. Халықпен жұмыс жасау бөлімі де өз қызметін жалғастыруда - көрсеткіштер мен төлемдер бойынша мәселелер шешілуде.
Біздің тұтынушыларымыз көрсетілген қызмет сапасына риза. Міне Шымкент қаласының бір тұрғынының пікірі:
"Жарайсыздар, сіздерден үлгі алу керек. Құбыр жарылса, лезде келесіздер. Барлық телефондар жауап береді. Өкінішке орай, сіздердің коммуналдық қызмет бойынша кейбір əріптестеріңіз бұлай жасамайды. Олар берген байланыс телефондары таңертеңде, кешке де үнемі бос емес, мобильді топтары жоқ. Біздің монополистер сіздерден үлгі алады деп үміттенеміз".
Ескеріңізге сала өтейік: с "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і диспетчерлік бөлімінің телефон нөмірі 321 274, қоғаммен байланыс бөлімінің вацап нөмірі +77019892219. Сіздер бізбен əлеуметтік желілер арқылы да хабарласа аласыздар.
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты