Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 15.04.2020
Республикамыздың бірнеше аймағында ауа райына байланысты су тасқындары байқалуда. Алматыда кешеден жаңбыр тоқтаусыз жаууда, нәтижесінде айлық норманың үш бөлігі жауды. Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша Алатау, Бостандық жəне Жетісу аудандары көшелері мен аулаларында су тасқынының бес орны анықталды. Себебі - арық-кəріз арналарының тұрмыстық қалдықтармен бітелуі. Оқиға орындарында Төтенше жағдай департаментінің аудандық бөлімдерінің қызметкерлері су сору техникасын қолдану арқылы жұмыс жасауда.
Сонымен қатар Ақмола облысында қардың еруіне байланысты Қалқұтан жəне Жабай өзендерінің су деңгейі көтеріліп, су өзен арналарынан тасып кетуде. Қазіргі таңда аулалардан су сорғызылуда.
барлық дауыс: 5542
дауыс мұрағаты