Жаңалық - Микс
новость от 20.04.2020
Кір сабынның əмбебап химиялық құрамы тұрмыста көп пайда тигізеді. Оны жарақаттар мен күйікке қарсы қолдануға болады. Ол үшін жарақат үстін кір сабынмен сабындап бірнеше минутқа қалдыру қажет. Бұл жараны зарарсыздандыруға жəне оның тез жазылуына əсер етеді. Ал күйік кезінде кір сабын қызарудан жəне күлдіреуден құтқарады.
Кір сабынмен есіктер мен тартпалардың ашық-машықтарын ысқылап қоюға болады, нәтижесінде олар оңай ашылып жабылады.
Тәжірибелі бағбандар кір сабын көмегімен зиянды жəндіктерден құтылуға болатынын біледі. Ол үшін кір сабынды суға ерітіп, су сепкішке құйып, өсімдіктерге шашу керек.
Айналарыңыз жəне көзəйнектеріңіз буланса, бетіне кір сабынмен торкөз салып, ақырын жұмсақ шүберекпен сүрту қажет. Бұдан кейін буланудан құтыласыз. Мысық пен иттердің көптеген иелерінің проблемасы - жануарлар жиңазды тырнайды немесе тістеп тастайды. Сол жерлерді кір сабынмен ысқылап қойсаңыз, оның иісінен үй жануарлары оларға жоламайды.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты