Жаңалық - Мәңгі есте
новость от 23.04.2020
Армияға 1941 жылы 20 жасында шақырылған. 1945 жылы қайтқан. Соғыс туралы айтуды ұнатпайтын. Біз, қыздар, əлі кішкентай едік, онша сұрамайтын да едік. Бірақ 9 мамыр күні марапаттарының барлығын тағатын: Ұлы Отан соғысының орденін жəне медальдарын. Соғыстан кейін пединститутты аяқтады, сосын жоғары партия мектебіңде оқыды. Обком партияда жұмыс жасады. Жанұясы үлкейген соң ауылға сұранды, оның үстіне ата-анасы да қартайды. 10 жыл "Күйік" совхозының парторг қызметін атқарды, сонда "Знак Почета" еңбек орденімен марапатталды. Зейнетке 60 жасында мектеп директоры қызметінен шықты.








