Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 23.04.2020
Алдын ала жүргізілген шаралардың арқасында бүгінде Қазақстанда су тасқындау мерзімі штаттық режимде өтуде. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар вице-министрі С.Громов арнайы брифингте хабарлады. Оның айтуынша қазіргі таңда қауіпті алты аймақтың ішінен тек екеуінде ғана су тасқынының қауіпі бар - бұл Ақмола жəне Солтүстік Қазақстан облыстары. Осы аймақтарда су тасқындарының қауіпі мамырдың бірінші онкүндігіне дейін сақталады. Қазіргі уақытта тәулік бойы суға бақылау жүргізілуде.








