Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 27.04.2020
Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев гидротехникалық қондырғылар мен ирригациялық жүйелер құрылыстарына жұмсалатын қаржыға қоғамдық бақылауды орнатпақ. Бұл туралы министр Kun.kz тікелей эфирде хабарлады.
"Егер қоғамдастық ты осы процеске тартсақ, бізге бақылау жеңіл болады. Жергілікті халық тарапынан бақылау жүргізілсе, онда жұмыс та сапалы жəне өз мерзімінде жасалады,"- деді министр. Ол бағдарлама жүргізушісі, белгілі қоғам қайраткері Мұрат Əбенұлын осы процеске қатысуға шақырды. "Біз дайынбыз. Министрліктің барлық материалдарды, оның ішінде жобаларға жұмсалатын қаржылар туралы да, ашық түрде жариялайтыны өте маңызды," - деп М.Əбенұлы ұсынысқа жауап берді
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты