Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.04.2020
Суару кезеңі басталысымен кейбір жеке үйлердің иелері судың төмен қысымына шағымдана бастады. Əсіресе кешкі уақытта. Бұл таңқаларлық емес, өйткені дəл осы уақытта көпшілік бау-бақшаларын суарады, нәтижесінде судың қысымы төмендейді."Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-ң диспетчерлік бөлімінде су қысымын тәулік бойы бақылайды. Ауытқулар кездескенде жағдайды реттеу үшін қажетті шаралар қабылдайды. Ескеріңізге сала өтейік. Үйдегі су қысымы төмендеуінің бірнеше себептері бар: фильтрлардың бітелуі, араластырғышта рдың бұзылуы, яғни ішкі жүйедегі проблемалар. Сондықтан бірінші кезекте көршілеріңізде су қысымы қандай екенін анықтаңыздар. Егер көпшілікте қысым төмен болса, онда диспетчерлік бөлімге 321 274 телефоны бойынша хабарласыңыз. Егер көршілерде су қысымы жақсы болса, онда маманды жеке өзіңіз шақыртасыз.
Сонымен қатар айта өтейік, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і ескі əкімшілік шекаралары бойынша қалада қызмет көрсетеді. Жаңа шағын аудандар мен қалаға қосылған елді мекендерге "Су мен кәрізді басқару" МКК қызмет көрсетеді. Телефоны 47 61 82. Сіз қай мекемеге қарастыекеніңізді Бірыңғай төлем құжаттың квитанциясынан көруге болады, онда қызмет көрсететін мекемелер телефондары көрсетілген.
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты