Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 28.04.2020
Қазақстанның кейбір аймақтарында ауа мен өзендер тазарды. Коронавирус өмірдің барлық саласын өзгертті. Экологияны да. Кәсіпорындар қызметін тоқтатып, адамдар карантинге кете салысымен айналадағы табиғат өзгере бастады. Алматыда төтенше жағдай басталғаннан көлік легі 80%-ға азайды, қала тұрғындары үйлерінде отыр. Бұл шаралардың барлығы ауа сапасының жақсаруына əкелді. Ауадағы зиянды заттар шоғырлануы 1,5-2 есе төмендеді.








