русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Мәңгі есте

новость от 29.04.2020

Әлібеков Әуез 1917 жылы 23 ақпанда қазіргі Жаңақорған ауданында Қожамберді елді мекенінде дүниеге келіп, 2005 жылғы 14 ақпан күні дүниеден қайтқан.
Әлібеков Әуез, бір жасында әкесі Әлібек дүние салып, әпкесі Дабаш шешесі Алтынкүл Камал ағасының қолында өскен. 1930 ашаршылық жылдары Өзбекстанның Самарқанд облысы, Ғалла арал елді мекенінде тұрып, 1937-1942 жылдары Монголияда Совет Армиясы қатарында қызмет еткен. 1942 жылы Монғолиядан Москва төңірегіне ауыстырылған әскерлер қатарында батыс фронттан бір-ақ шыққан. Мәскеу төңірегінде шайқастан талай қан төгіс шайқастарға қатысқан. 1943 жылғы тамызда Харьков үшін шайқас сабында пулеметчик Әлібеков Әуез пехота ротасы немістермен алма кезек шабуылға шығады. Соғыс барысында оқ дәрісі таусылуға жақындаған рота, көп қабатты үйдің жоғарғы қабаттарында қорғануға шешім қабылдайды. Жоғарғы қабатқа қорғанысқа көтеріліп бара жатып Әлібеков Әуез оқталған немістердің жеңіл қол пулеметін тауып алады. Оқ дәрісі таусылған уақытта басқа әскери бөлімшелерден жәрдем келгенше өзінің «Максим» пулеметі және немістің трофей пулеметімен» кезекпе-кезек атқылап немістерге бас көтертпей өз жолдастарын қорғап ерлік көрсеткен. Сол соғыс барысында Әуез қолынан ауыр жараланып Кисловодск қаласы маңындағы госпитальдардың бірінде ұзақ уақыт емделуге түседі. Жарты жылдан астам емделу барысында Әуезді комиссиядан өткізіп ұрысқа жарамсыз деп танып елге қайтарады. Бакуден Каспий теңізімен пароммен Красноводск қаласы арқылы Самарқандтағы Ғаллаарал елді мекеніндегі жұртымен табысып, қазіргі Жетісай төңірегіндегі Славянкада қоныс табады. Тәжікстанда ашылған Алтын тапқан кендерінің құрылыс іргесін қалауға қатысқан. Тауда жол салынбаған кездерінде тамақ, киім кешкек, құрылыс материалдарын тасымалдауға Славянкадағы туыстары жора-жолдасынан түйе керуендерін құрастырған. Кейінгі кездері құрылысшы мамандығын меңгеріп, зейнетке шыққанша Алмалық қаласында, кейінірек «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы совхоздың құрылыс бөлімшесінде, Шымкенттің «Казпищестрой» басқармасының №4 бөлімшесінде құрылысшы болып зейнетке шыққанша жұмыс істеген. Есте қалатын қызығы, Харьков қаласы үшін ұрыста Әуез тек ұрысқа қатысқандарға берілетін Қызыл жұлдыз орденімен марапатталғаны газетте жарияланады. 1992 жылы жұмыста Әуез ұрыс жылдарын әңгімелей отырып, өзінің жаралы болғанын, Қызыл жұлдыз орденімен марапатталғанын, комиссияланып орденді ала алмай елге қайтқанын айтып қалады. Құрылыс бригадасы орталап, Совет одағының Қорғаныс Министрлігіне хат жазады. 1994 жылы Әуезге 1944 жылда марапатталған Қызыл ордені арада 50 жыл өтіп, 1994 жылы Әуезге әскери комиссариат арқылы тапсырылады.
Әуез, 3 ұл, 1 қыз өсіріп, тәрбиелеген. Немерелері, шөберелері өсіп келеді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары