Жаңалық - Мәңгі есте
новость от 03.05.2020
Маханбетов Мырзахмет 1900 жылы Шаян аулында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталар алдында Бұрынғы Шаян ауданына қарасты «Қызыл ту» колхозында еңбек етіп жүрген Мырзахмет ата, 1941 жылы басталған майданға аттанады.
Әлемге үстемдігін жүргізгісі келген фашистердің қан құйлы соғысында ешкімге де оңай болмағаны анық. Ұрыс алаңындағы шайқасқта болған әр-бір жауынгердің әрекеті ерлікке парапар десек болады. Жаяу әскер қатарында болған Мырзахмет ата алып денелі болған екен. Жаумен бетпе-бет келген қоян-қолтық ұрыста танытқан жауынгерлігі бағаланып, әскери басшылары тарапынан бінеше мәрте медальдармен марапатталған.
1942 жылдың күз айларында оң көзінен ауыр жарақат алып, әскери госпитальда емделіп болғаннан соң елге қайтарылған.
Елге оралысымен еңбекке араласып, мал шаруашылығында еңбек етіп жүрген Мырзахмет атаны, уақ малдың бабын жақсы меңгенген маман ретінде Шалдар асыл тұқымды қой совхозына шақыртады. Биязы жүнді «меринос» қойдың жаңадан будандастырылған түріне Мырзекең сынды мамандар керек болатын.
Сол сұрыптағы қойды ВДНХ ға апарып, еңбегі еленіп Құрмет Белгісімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты