Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.05.2020
Шымкент қаласының тазарту қондырғыларында тағы бір технологиялық жаңашылдықтың енгізілуі жоспарлануда. Жағымсыз иістерге қарсы бағытталған жүйе "сулы барьер" деп аталады. Бірнеше жылдан бері Шымкент қаласының теріскей жағының тұрғындарын жаман иістер мазалауды қойған. Бұған "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-ің биогаз қондырғысын орнатуы ықпал етті. Адам өмірінің қалдықтарынан электр жəне жылу энергиясы өнліріле басталды. Ал қалған су тазартылып техникалық дақылдарды суаруға жіберіледі. Дегенмен биогаз қондырғысында қалдықтар қалады, олар арнайы тұнба карталарына жинақталады. Міне сол жерде "сулы барьер" орнатылады. "Био-мех" ЖШС-І басшысы Ирина Казаринова айтады: "Біз қала тұрғындары жағымсыз иістерді сезбеуі үшін барлық нəрсені жасап жатырмыз. Жаман иістерге қарсы технологиялар өте көп жəне олар өте қымбат. Біз оларды зерттеп осы "сулы барьерді" таңдадық. Бұл əдісті біздің өскемендік əріптестеріміз пайдалануда. Тұнба карталары бойында дозаторлары бар бес метрлік штангалар орнатылады, олар арқылы күкіртсутек молекулаларын жаратын химиялық реагент шашыратылады.
Барлық қажетті заңнамалық іс-əрекеттер жасалынды, қымбат қондырғыға қаржы бөлінді. Бірақ коронавирусқа байланысты дағдарыс басталып кетті. Шекара жабылып, қашан ашылатыны белгісіз. Дегенмен шекара агылысымен жоба жүзеге асырылады".
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты