Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 04.05.2020
Мемлекеттик комиссия, облыс əкімдері мен Денсаулық министрлігінің пікірлерін қарастырып, келесі шешімдерді қабылдады:
1. 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмыс бастайтын кəсіпкерлік нысандар қызметінің тізімі бекітілді:
- аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер;
- фотосалондар, гүл сататын дүкендер;
- шаштараздар (алдын-ала жазылу бойынша);
- медицина орталықтары (алдын-ала жазылу бойынша);
- стоматология клиникалары (жазылу бойынша);
- жылжымайтын мүлікпен айналысатын мекемелер, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
- шағын қаржылық мекемелер, ломбардтар, сақтандыру мекемелері, ақша алмастыру пункттері;
- АКТ компаниялары.
2. 4 мамырдан таза ауадағы спорттық жаттығулар рұқсат етіледі.
3. 4 мамырдан Нур-Султан жəне Алматы қалаларынан Петропавлға, Өскеменге жəне Семейге əуе жолдары ашылады. Рейстер жоғары санитарлық талапқа сәйкес, аз адам санымен жəне салонда ерекше орналастыру ретімен жүзеге асырылады.
барлық дауыс: 5545
дауыс мұрағаты