Жаңалық - Мәңгі есте
новость от 05.05.2020
Мадиев Әтен 1922 жылы 20 мамырда Шаян ауданы Бөген елді мекенінде дүниеге келген.
1941 жылы 4 желтоқсанда әскерге алынып,336-кавалерия полкі құрамында Начинск қаласында,Иванов облысындағы Илько лагерінде жауынгерлік дайындықтан өтіп,артиллерист атанды.Одан кейін 1942 жылы желтоқсан да Сталинград майданында Сталинград,Ворошилов,Воронеж,Харьков қалалары үшін болған алапат шайқастарға қатысты.Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін бірнеше медальдармен марапатталған.
Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туы тігілген 1945 жылдың 9 мамырынан кейін де әскер қатарынан босатылмай, үстіндегі әскери шинелі түспей, тек 1947 жылы 17 наурызда ғана елге қайтарылып,туған жерге оралды.
Ардагер әкеміз сеніп тапсырылған жұмысты жемісті де адал атқарып,соның нәтижесінде«Еңбек ардагері»селолық,ауылдық советтің депутаттары болып сайланып және Ұлы Отан соғысындағы қаһармандығы мен көрсеткен ерлігі,бейбіт өмірде ауданның өсіп өркендеуі,экономикасы мен мәдениетін дамытудағы ерен еңбегі үшін Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.
Еңбегімен елге сыйлы болып,зейнеткерлікке шығып,11 бала, 40-тан аса немере,шөбере сүйіп 85 жасында дүниеден өтті.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты