Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 14.05.2020
"Біз біргеміз" акциясы су арнасында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-ң басшылығы əлеуметтік осал топтарға үнемі көмек көрсетеді. Бүгінгі күрделі экономикалық жағдайда бұл өте маңызды. Жақында "Біз біргеміз" республикалық акциясы аясында 25 отбасыға азық-түлік жиынтықтары берілді. Олардың орта бағасы - 8 мың теңге. Айта өтейік, мекеме төтенше жағдай кезінде қызметкерлерін ақысыз демалысқа жаппай жібермеді. Тұтынушылар саны азайғанына қарамастан мекеменің барлық қызметкерлерінің жалақысы сақталды.








